Старттық жасау

Баламалы қуат саласындағы маңызды шешiмдер
Жаңалықтар
26.05.2014
«Самрұқ – Қазына» қоры компанияларының сатып алу туралы барлық мәліметтер енді бір ресурста қол жеткізуге болады– www.skm.kz

Еншілес және тәуелді компаниялардағы сатып алуды жетілдіру саясатын іске асыру аясында және мөлдірлік пен ашықтықты арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ Қорында сатып алу бойынша жаңа тегін ақпараттық ресурс  - www.skm.kz жұмыс істейді.
Бұл ресурс Қор ұйымдарының - Қазақстан Темiр Жолы, Қазмұнайгаз, Қазатомпром,  Самұрық-Энерго және т.б. компаниялар тобының сатып алу үдерістері туралы ең өзекті және объективті ақпаратын он-лайн режимде орналастыратын бірыңғай ақпараттық алаң болып табылады.
Сайттың «Сатып алу» модулінде өткізілген немесе өткізілетін сатып алулар, тендерлік құжаттамалар, ашу және қорытындыны шығару хаттамалары, сондай-ақ Қор компанияларының сатып алудың барлық тәсілдері: бір көзден сатып алу, ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрату және т.б. сатып алу рәсімдеріне байланысты өзге ақпарат орналастырылған.
Енді өнім берушілерге Қор ұйымдарының 200-ден астам сайттарын қарауға қажеттілік болмай қалды.
Тек осы сайттың «Жоспарлар» модулінде Қордың 240-тан астам компанияларының жалпы сомасы 3 трлн. теңге болатын шоғырландырылған қажеттілігін және тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі  375 000 позицияны қарауға болады. Сондай-ақ Қор компанияларының жылдық және ұзақ мерзімді жоспарларын жүктеп алу мүмкіндігі бар.
Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ТЖҚ БНА) бірегей коды бойынша бірнеше секунд ішінде қызықтыратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер позициялары бойынша ақпарат алуға болады.
Қажет болған жағдайда, пошта жәшігіне тез арада компанияның атауының сипаттамасы бар өткізілген немесе жоспарланатын сатып алу үдерістері, сатып алу орындары мен күні, бағасы туралы хабарлама (мекен-жай сілтемесі) келеді.
Порталда Қор компанияларының сатып алу мәселелері бойынша көптеген басқа да пайдалы әрі қызықты ақпараттар берілген: адал отандық тауар өндіруші өнім берушілердің тізілімі, сатып алу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер және т.б.
Сіздерді Порталға тіркелуге және оны пайдаланушылар қатарына қосылуға шақырамыз.


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар>>
Соңғы жаңалықтар