Старттық жасау

Баламалы қуат саласындағы маңызды шешiмдер
Біз туралы
Қысқа тарих

 

Алматы қуат көзін пайдалану бойынша үнемі тапшылыққтағы аумақ болып табылады, ал Талдықорған аумағы аумақтағы электр қуаты қайнар көздерінің үлесінің электр қуатын пайдаланудың жалпы санының 30% аз көлемін құрайды. Жалпы алғанда аумақ бойынша электр қуатының тапшылығы шамамен 700 мВт құраған, Талдықорған қуат көздерінде соңғы 3 жылда орташа есеппен 500 млн. кВт сағ/жыл құраған. Болжаулар бойынша 2010 жылға электр қуатына деген тапшылық 730 млн. кВт сағ/жыл астам мөлшерге жетеді. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ қарсаңында Алматы қаласы, Алматы облысындағы және Қазақстанның оңтүстік аумақтарындағы қуат көздерінде орын алып отырған тапшылықты азайту мақсатында қуат көздерін қалпына келтіруші сонымен қатар, кіші СЭС және желдеткіш станциялардың  құрылысы мен қайта жөнделуі бойынша бірнеше жобалар әзірленген болатын. Қазақстанның техникалық жағынан пайдаланылуы мүмкін су потенциялы 62 млрд. кВт сағ тең, экономикалық жағынан – 27 млрд. кВт сағ, оның ішінде қазіргі таңда жылына тек 8 млрд. кВт сағ аз мөлшері ғана пайдаланылуда. Алматы облысында Қазақстанның тау суы су қуаты байлығының 65% мөлшері шоғырланған. «Казгидро» институтының бағалауы бойынша су электр станцияларын құруға мүмкін тау сулары мен су құрылғыларының аумақтары анықталған.

Сонымен қатар, Алматы облысы дүние жүзі бойынша ЖЭС тұрғызудың мүмкіндігі мол ең тиімді аумақтарға ие. Бұл Жоңғар қақпасы мен Шелек коридоры. Мысалға, Жоңғар қақпасында: 50 м биіктіктегі желдің орташа жылдық жылдамдығы – 9,7 м/с, ағымның қысымдылығы – 1050 Вт/м2, толық ауыртпалықпен жұмыс жасайтын ЖЭС саны – 4400 сағ/жыл. Есесіне, Шелек коридорында: 50 м биіктіктегі желдің орташа жылдық жылдамдығы – 7,8 м/с, ағымның қысымдылығы – 310 Вт/м2, толық ауыртпалықпен жұмыс жасайтын ЖЭС саны – 3100 сағ/жыл. Жалпыға мәлім, Жоңғар қақпасы желдік талаптар бойынша дүние жүзі бойынша ЖЭС тұрғызуға мүмкіндігі өте мол аумақтардың бірі болып табылады. Жоңғар қақпасындағы бос аумақтар ЖЭС қуат көзі жалпы 1000 мВт астам мөлшерге дейін қамти алады.

Қазіргі таңда, жел генераторлары өндірісінің технологиясы басқа дәстүрлі қайнар көздерімен салыстырғанда бәсекелестікте тиімді ЖЭС тұрғызуға мүмкіндік беріп отыр, өз кезегінде жеткілікті түрде сапалы өнімдердің бірі – электр қуатын алуға мүмкіндік бар, бұл дегеніміз аумақтық және ұлттық желілік операторлардың техникалық тұрғыда қабылдауына мүмкін барлық стандарттардың талаптары бойынша сәйкес. ЖЭС негізгі артықшалақтарының бірі дәстүрлі қуат жанармайлардың құнына тәуелсіздігі, табиғи таза, қуаттың бәсекелестік құны, ЖЭС тұрғызудың аса жылдамдығы болып табылады. Болжамдар бойынша Алматы облысындағы жаңадан тұрғызылатын генерациялық соның ішінде кіші  СЭС және жел электр станциялары (ЖЭС) аумақтағы орын алып отырған қуат көздеріне деген тапшылықты мол мөлшерде жою көмегін тигізеді. Аталған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ жанынан қуат көздеріне қатысты барлық сұрақтармен айналысатын еншілес ұйым «Энергия Семиречья» ЖШС құрылған болатын.