Старттық жасау

Баламалы қуат саласындағы маңызды шешiмдер
Жаңалықтар
09.10.2012
Компанияның үлесiн сатып алу

«Samruk–Green Energy» компаниясы «Энергия Семиречья» ЖШС жарғылық капиталының 51% қатысушылық үлесін сатып алды. Бұл туралы Kapital.kz іскер порталына «Самрұқ–Энерго» баспасөз қызметінде хабарланды.

Сату–сатып алу туралы келісімді «Samruk–Green Energy» ЖШС («Самрұқ–Энерго» елшілес компаниясы) және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ қол қойды. «Энергия Семиречья» ЖШС – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ елшілес компаниясы.

Құжат «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек коридорындағы 60 мВт бастап 300 мВт дейінгі қуатты жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысы» жобасы бойынша «Самрұқ–Энерго» АҚ және Алматы облысының Әкімдігі арасындағы ынтымастық туралы» Меморандумның орындалуы болып табылады.

Осы жобадағы күштердің шоғырландырылуы ЖЭС құрылысының шығындарын азайтуға және іске асыру мерзіміндерін азайтуға мүмкімдік береді. Қазіргі уақытта «Самрұқ–Энерго» АҚ тапсырмасы бойынша аталған жобаның техникалық–эконамикалық негіздемелерін әзірлеу жүргізіліп жатыр.

ЖЭС құрылысының орны Шелек коридоры болып кездейсоқ таңдалған емес. Мұнда 50 метр биiктiктегі желдiң жылдық орта мөлшердегi жылдамдығы – 7,8 м/с құрайды, ағыстың тығыздығы 310 – Вт/м2.


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар>>
Соңғы жаңалықтар