Старттық жасау

Баламалы қуат саласындағы маңызды шешiмдер
«Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы компанияларының жедел желісі

 «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы компанияларының жедел желісі

 

«Самұрық-Қазына» АҚ беделге зор мән береді және өзінің қызметкерлері мен контрагенттерінен әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстануға талап етеді.​

Қолданыстағы заңнаманы, жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу туралы хабарлау және ондай бұзушылықтарға байланысты дер кезінде шара қабылдау біздің компаниямыздың беделін қорғау үшін маңызды.​

Бастамашыл хабарлау саясатына сәйкес, Сіз орын алған немесе болжалды кез келген ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы, сондай-ақ жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу фактілері жайлы келесі тәсілдермен хабарлай аласыз:​

·         төмендегі «Хабарлама қалдыру» батырмасын басу арқылы; немесе

·         sk.hotline@deloitte.kz электрондық поштасына хат жіберу арқылы; немесе

·         8 800 080 19 94 нөміріне қоңырау шалу арқылы.​

Барлық хабарламаларды тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді.​

Жедел желі арқылы алынған хабарламалар Қордың жауапты тұлғаларына беріледі және олар ондай хабарламалардың кәсіби және құпиялы түрде қарастырылуын қамтамасыз етеді. Сіздің хабарламаңызды барынша тиімді түрде өңдеу үшін сізге байланысу ақпаратыңызды қалдыру ұсынылады, алайда Сіз сондай-ақ анонимді хабарлама жібере аласыз. Барлық анонимді хабарламалар қарастырылатын болады.​

Жедел желі Қордың қызметкерлері, Қордың еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері, жеткізушілері мен серіктестері үшін қолжетімді.​

Жедел желінің жұмысы жайлы толығырақ ақпарат алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін қараңыз​

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Хабарлама қалдыру