Старттық жасау

Баламалы қуат саласындағы маңызды шешiмдер
Мақала / Қолдау
Қолдау

2009 жылы Қазақстан климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Келісімді Конвенциясына қарасты Киот протоколын ратификациялады және 2010 жылы өзіне 2020 жылға дейін 1992 жылмен салыстырғандағы көрсеткіштерден ауа газдарының ластағыштарын 15% азайту бойынша міндеттеме алған болатын. Бұл «жасыл» өсімді жетістіктерге негізделген еліміздің жаңа саясатына негіз болды, мұнда орталық мақсат ретінде қайта қалпына келтірілетін энергетика көздеріне маңызды рөл бөлініп отыр.

Ендігі кезде еліміздің алдында маңызды мақсат тұр – бұл қайта қалпына келтірілетін көздердің есебінен электр қуатын өндірудің көлемін 2020 жылға дейін 3% және 2050 жылға дейін 30% жеткізу.

2011 жылдың 9 ақпанында, Астана қаласында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы және «Қазақстанның энергетикалық ассосиациясы» ЗТҰ Қазақстандағы қуаттың қалпына келтірілетін көздері саласындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл күнді «Қазақстанның энергетикалық ассосиациясы» ЗТҰ Қайта қалпына келтірілетін көздер бойынша Комитетінің жұмысын, өзінің қызметін бастаған шағы деп есептеуге болады.

 

 

Бұл мақсаттарға жетудегі жеке инвестициялардың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан бір қатар заң актілерін қабылдаған болатын, өз кезегінде бұл еліміздің қайта қалпына келтірілетін қуат көздерін орнықтыру үшін капиталдың ағылуын арттыруға бағытталған ашық және бір қалыпты жағдай туғызуы тиіс. 2013 жылдың шілдесінде, Қазақстан «Қайта қалпына келтірілетін көздерге қолдау туралы» Заңына қосымшалар қабылдады, өз кезегінде бұл инвесторлардың «таза» энергетикаға салудағы уәде берілген тарифтердің механизмінің негізгі жағдайларын белгілеген болатын.

Ендігі кезде, еліміз аса тиімді ресурсты ахуалының арқасында инвесторларға капиталдың сенімді қайтарылуының механизмін ұсына алады. Бұл Қазақстанның қайта қалпына келтірілетін энергетиканы дамытушы елдердің тізімінен орын алуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.